100-ден астам адам зардап шекті: Нөсер жауыннан 64 адам көз жұмды

Фото: x.com/CNBCTV18News

PESTEL
614

Мексикада бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болды. Табиғи апаттан 64 адам қаза тауып, тағы 65 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ El.kz-ке сілтеме жасап. 

Australian Broadcasting Corporation мәліметінше, өткен аптада нөсер жауын Мексика шығанағының жағалауы мен елдің орталық аймақтарында жауған. Соның салдарынан су тасқыны жүріп, елдің бірнеше өңірі ауыр зардап шекті.

Біз мұндай жауын-шашынды күтпеген едік, – деді Мексика президенті Клаудия Шейнбаум.

Апаттан барлығы бес штат зардап шеккен. Ең ауыр жағдай Веракрус және Идальго өңірлерінде тіркелді:

Веракруста 29 адам қаза тауып, 18 адам жоғалған;

Идальгода 21 адам мерт болып, 43 тұрғын іздестіріліп жатыр. 

Бұдан бөлек, Пуэбла штатында кемінде 13 адам, ал Керетарода көшкін салдарынан бір бала көз жұмған.

Нөсер мен тасқын шамамен 100 мыңнан астам үйге залал келтірген. Көпірлер мен жолдар қирап, кейбір көшелер лай өзеніне айналған.

Қазіргі таңда апат аймақтарында құтқарушылар мен 8 700 әскери қызметкер жұмыс істеп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...