Бразилияның танымал әншісі Рей Вакейро мінген ұшақ Парельяс әуежайына қону кезінде ұшу-қону жолағы...
Израиль билігі FlyDubai рейсіндегі төтенше жағдайдың террорлық әрекет болғанын мәлімдеді
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
Израильдің қорғаныс министрі FlyDubai рейсіндегі төтенше жағдайдың теракт жасау әрекеті болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz-ке ілтеме жасап.
The Times of Israel басылымының мәліметінше, министр Исраэль Кац шабуыл жасаған адам ұшақты барлық жолаушыларымен бірге апатқа ұшыратқысы келгенін айтқан.
Ұшақ жолаушылар арасында болған басқа ұшқыштардың көмегімен қондырылған. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз, тергеу жалғасып жатыр.
Шабуыл жасады деген күдікке ілінген екінші ұшқыш Сауд Арабиясының билігі тарапынан ұсталған. Екі ұшқыш та жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың мәлімдеуінше, Сауд Арабиясының билігі шабуыл жасаған адамнан жауап алып жатыр. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац бұл оқиғаны "жиһадшылардың террорлық әрекеті" деп атады.
Boeing 737 Max 8 ұшағы Дубайдан Тель-Авивке 174 жолаушымен ұшқан, жолаушылардың басым бөлігі Израиль азаматтары болған.
Нетаньяхудың айтуынша, Израильге жақындаған кезде ұшқыштардың бірі екіншісіне пышақпен шабуыл жасап, ұшақты апатқа ұшыратуға әрекеттенген. Ұшақ төмендей бастаған. Алайда жолаушылар экипаж мүшелерімен бірге кабинаға кіріп, шабуыл жасаған адамды залалсыздандырып, ұшақты тұрақтандырған.
Israel Hayom мәліметінше, ұшақты қондыруға жолаушы ретінде ұшып бара жатқан, сол сәтте қызметте болмаған Ресей және Украина азаматтары екі ұшқыш көмектесуге өз еркімен келіскен.