Израиль Иранға қарсы соғысты кез келген сәтте бастауға дайын – Нетаньяху

Фото: Freepik

PESTEL
1028

Сәрсенбі күні премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израильдің Тегеран мен Вашингтон арасындағы бітімге қарамастан, қажет болса Иранға қарсы ұрыс қимылдарын бастауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Біздің орындауға тиіс мақсаттарымыз бар. Біз оларға не келісім арқылы, не ұрыс қимылдарын қайта жалғастыру арқылы жетеміз», - деді Израиль премьер-министрі телеүндеуінде. 

Нетаньяху соғыс барысындағы нәтижелерге де тоқталды. Сөзінше, Тель-Авив Ирандағы зымырандарды ғана емес, оларды өндіретін зауыттарды да жойған. 

«Біз Иранның ядролық бағдарламасына да айтарлықтай соққы жасадық, маңызды инфрақұрылым нысандарын атқыладық», - деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...