Балабақша көлігінде қалып қойған: 2 жастағы бүлдіршін көз жұмды

Фото: Pixabay

PESTEL
272

Өзбекстанда балабақша көлігінде қалып қойған 2 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өзбекстанның Қашқадария облысында қайғылы оқиға болды. Балабақша тәрбиеленушісі болған 2 жастағы қыз бірнеше сағат бойы жабық көліктің ішінде қалып қойып, көз жұмған.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, балабақшаға балаларды тасымалдаған қызметкер бүлдіршіндердің түгел түскенін тексермеген. Соның салдарынан қыз бала көліктің ішінде қалып қойған. Кейін көлік жабылып, күннің ыстығында бірнеше сағат тұрған.  

Қайғылы жағдай қыздың ата-анасы баласын іздей бастаған кезде анықталған. Бүлдіршін көліктің артқы орындығынан табылған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.  

Оқиғадан кейін құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, балабақша басшылығы мен жауапты қызметкерлердің әрекетіне құқықтық баға берілді. Сот шешімімен мекеме басшысы кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылғаны хабарланды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда блогер Әділетхан Молдаханға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. С...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астананың Есіл ауданында салынып жатқан ғимараттан шыққан өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлады M...