Қатты ыстықтан 5 адам көз жұмды

Фото: Yonhap

ЖАҢАЛЫҚТАР
2017

Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, маусым айынан басынан бері Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 630-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Yonhap агенттігіне сілтеме жасап. 

Үкімет статистика жүргізе бастаған 15 маусымнан бері аптап ыстықтан ауырғандардың саны 633-ке жетті. Оның ішінде 5 адам көз жұмған. 

Оңтүстік Кореядағы Ауруларды бақылау және алдын алу басқармасының мәліметі бойынша, сәрсенбіде ғана 100 адам медициналық көмекке жүгінген.

Науқастардың көпшілігі, яғни 82,9%-ы – ашық ауада болған кезде симптомдарды сезінген. 

Қазіргі кезде аталған елдің басым бөлігінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды. Кёнги провинциясында ауа температурасы 35 градусты көрсетіп тұр. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...