Су бетінде мотоциклмен 40 шақырым жүріп, Гиннестің рекордын жаңартты

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
105

Қытайлық кәсіпкер мотоциклмен су бетінде 40 шақырым жүріп, Гиннестің рекордын жаңартты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

CCTV мәліметінше, Қытайлық кәсіпкер Чжан Сюэ мотоциклмен су бетінде 40,74 шақырымды 32 минутта жүріп өтіп, бұрынғы 31,8 шақырымдық рекордтан асып түскен. 

Рекорд Хунань провинциясындағы Цзиньцзян өзенінде тіркелді. MX450 мотоцикліне арнайы шаңғылар мен артқы дөңгелекке қалақтар орнатылған. Қалақтар су бетінде қозғалуына көмектескен. 

Чжан бұл нәтижеге 17 жыл бойы ұмтылған. 2009 жылы алғаш рет қатысқанда ол төрт рет құлап, небәрі 20 метр жүре алған. 

Бұл жолы оның жетістігін Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері ресми түрде растады.

PESTEL

Армения парламентінде билік пен оппозиция депутаттары жаппай төбелесіп, отырысты тоқтатуға тура келд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық заңгер Аблай Байтенов FlyArystan әуе компаниясын сотқа беріп, моральдық зиян үшін өтема...