Израиль Иранның ірі портына соққы жасады

Фото: Pixabay

PESTEL
1107

Иранның Бендер-Энзели портты қаласының әкімі Мохаммад Салех Зиаи порттағы бірнеше нысанға зымырандық шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz РБК агенттігіне сілтеме жасап.

Соққы кеден ғимараттарына, порт басқармасы мен кеме қатынасы ұйымының нысандарына тиген.

Қала әкімінің айтуынша, қаза тапқандар жоқ, келтірілген шығын көлемі әлі анықталып жатыр. Билік өкілдері жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Бендер-Энзели – Иранның Каспий теңізіндегі ең ірі порты. Бұл порт арқылы Иран мен өңірдегі басқа елдер арасындағы жүк тасымалы жүзеге асады. Порт Каспийдегі теңіз саудасында маңызды рөл атқаратын негізгі көлік-логистикалық орталықтардың бірі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікк...