Сабаққа пышақпен келген: Оқушы мұғалімге шабуыл жасады

ашық дереккөз

PESTEL
536

Ресей астанасы Мәскеудегі мектептердің бірінде оқушы суық қарумен мұғалімге шабуыл жасауға әрекеттенді. Жасөспірімді мектеп күзеті залалсыздандырған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға Жаңа Мәскеу ауданындағы №1392 мектепте болған. Білім ордасының директоры Денис Бахаревтің айтуынша, жасөспірім мектеп ғимаратына суық қарумен кіріп, педагогке шабуыл жасамақ болған.

«Ол дереу күзет қызметкерлерінің күшімен залалсыздандырылды», – деді мектеп директоры.

Оқиға салдарынан мұғалім жеңіл жарақат алған. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, педагогтің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі уақытта мектепте полиция қызметкерлері жұмыс істеп, мекеме ішінде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Ал Мәскеу полициясының баспасөз қызметі мектептегі оқиға туралы ақпарат өздеріне түспегенін айтып, мәселе бойынша Тергеу комитетіне жүгінуді ұсынған. Тергеу комитеті әзірге түсініктеме бермеген.

СПОРТ

Қазақстандық пара пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия П...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанға шетелден маймыл шешегі вирусының әкеліну қаупі бар. Алайда инфекцияның ел аумағында жа...