Ұлттық емтихан үшін әуе рейстері тоқтатылды

Фото: Forbes education

PESTEL
227

13 қараша күні Оңтүстік Кореяда елдің ең маңызды емтихандарының бірі - университетке түсуге арналған ұлттық тест (суннён) өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сынақ тоғыз сағатқа созылды. Биыл оған 554 174 талапкер тіркелген. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға көп әрі 2019 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Абитуриенттер санының күрт өсуі демографиялық құбылыспен байланысты. 2007 жылды оңтүстіккорейлік астрологтар «табысқа және бақытқа қолайлы жыл» деп сипаттағандықтан, ол жылы бала туу деңгейі айтарлықтай артқан. Бүгінде университетке таласып отырған жастардың басым бөлігі дәл сол жылы туған буын.

Емтиханның мінсіз өтуін қамтамасыз ету үшін билік бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады. Көптеген компаниялар жұмыс күнін бір сағатқа кеш бастады - бұл абитуриенттердің емтихан орталықтарына еш кедергісіз жетуі үшін жасалды. Қалаларда тәртіпті қамтамасыз ету үшін қосымша полиция күші жұмылдырылды.

Ағылшын тілі бойынша тыңдалым тесті кезінде елдегі барлық әуежайлар ұшып-қону операцияларын уақытша тоқтатты. Ұшақтардың дыбысы емтихан тапсырушыларға кедергі келтірмес үшін 35 минут бойы 140 рейс, оның ішінде 65 халықаралық рейс кейінге шегерілді. Көптеген ұшақтар сол уақыт аралығында әуеде айналып ұшып жүруге мәжбүр болды. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...