АҚШ-тың Fox News Media, ABC News, CBS News, CNN және NBC News сияқты ірі телеарналары бірнеше БАҚ-...
Магнитудасы 7,1: Жер сілкінісінен 16 адам көз жұмды
ЖИ
Қытайдың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан 16 адам қаза тауып, тағы 32 адам жарақат алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Mash Telegram арнасының мәліметінше, төрт сағат ішінде аймақта сегіз рет жерасты дүмпуі тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Бакэн уезінде, шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Табиғи апаттан ең көп зардап шеккендер Тибет автономиялық ауданында тіркелген. Алдын ала ақпарат бойынша, жарақат алған 32 адамның 11-інің жағдайы ауыр, қалған 21 адам жеңіл жарақат алған.
Күшті жер сілкінісі аймақтағы инфрақұрылым жұмысына да әсер еткен. Кейбір елді мекендерде электр энергиясы өшіп, байланыс жүйелері істен шыққан. Бұл құтқарушылардың жұмысын қиындатып отыр.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметінің мамандары зардап шеккен аумақтарда іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
Жер сілкінісінен келген шығын көлемі мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтыланып жатыр.