3 адам көз жұмды: Метрода ер адам пышақпен айналасындағы адамдарға шабуыл жасаған

Фото: haberler.com

PESTEL
1057

Тайвань астанасы Тайбэй қаласындағы метро станциясында ер адам пышақпен жасап, салдарынан үш адам қаза тапты, тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz haberler.com-ға сілтеме жасап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, қаскүнем алдымен метро станциясында түтін шашқышты лақтырып, қалың түтін мен жаппай дүрбелең туғызған. Одан кейін ол айналасында жүрген адамдарға пышақпен шабуыл жасаған.

Оқиға салдарынан метро станциясында шу шығып, жолаушылар шұғыл түрде эвакуацияланды. Жарақат алған бес адам жедел жәрдем көліктерімен ауруханаларға жеткізілді, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Полицияның алдын ала деректеріне сәйкес, 27 жастағы күдікті шабуыл жасағаннан кейін сауда орталығының бесінші қабатынан секіріп кеткен. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің көрсеткен көмегіне қарамастан көз жұмған.

Аталған оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тергеу жұмысын бастады. Қауіпсіздік мақсатында Тайбэй метросының қозғалысы уақытша тоқтатылып, станция аумағында тексеру шаралары жүргізілді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні к...

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...