Вашингтонда АҚШ тәуелсіздігі күніне арналған мерекеде дауылға байланысты тұрғындар уақытша эвакуация...
Екі баланың анасы жұмбақ жағдайда жоғалып, мәйіті тоңазытқыштан табылды
Ашық дереккөз
Аргентинада 24 жастағы Камиланы өлтірді деген күдікпен оның 37 жастағы сүйіктісі ұсталды. Екі баланың анасы жоғалып кеткеннен кейін шамамен екі апта өткенде оның мәйіті тоңазытқыштың ішінен табылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Need To Know басылымының мәліметінше, Камила Белен Иглесиас 2 қазаннан бастап жақындарымен байланысқа шықпаған. Бірнеше күннен кейін туыстары полицияға хабар берген.
Тергеу барысында құқық қорғау органдары Крус-дель-Эхе қаласындағы күдіктімен бірге тұрған үйді тінткен. Нәтижесінде тоңазытқыштың ішінен әкке ұқсас затпен жабылған мәйіт табылған. Оқиға орнынан киім-кешек, құжаттар, сұйықтық үлгілері мен сынған ұялы телефон тәркіленіп, мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілген.
Күдікті Пабло Эсекиэль Гомес марқұмның туыстарына Камиланың жанжалдан кейін үйден кетіп қалғанын айтқан. Алайда оның жақындары тергеушілерге ер адамның үйден кетер алдында «үлкен қателік жасағанын» айтып, мәйіттің жасырылған жерін көрсететін жазба қалдырғанын жеткізген.
Гомес 19 қазанға қараған түні Малагеньо қаласында ұсталды. Оған ауырлататын мән-жайлар бойынша адам өлтірді деген айып тағылды.
Марқұмның әпкесі Роминаның айтуынша, күдікті шамадан тыс қызғаншақ болған және Камиланың өмірін қатаң бақылауда ұстаған. Тіпті әйелдің өз балаларымен кездесуіне де тыйым салған.
Сондай-ақ тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылы Гоместің бұрынғы сүйіктісі де оның үстінен полицияға арыз жазған. Ерлі-зайыпты шамамен бір жыл бірге тұрған. Марқұмның артында бұрынғы қарым-қатынасынан қалған екі баласы қалды.