Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен БҰҰ Бас Ассамблеясы аясындағы...
Мас күйде ұшақ ұрлап, АЭС-ке қарай ұшты: Венгриядағы оқиға жұртты шошытты
X/ @MarioNawfal
Венгрияда 24 жастағы ер адам жеңіл моторлы ұшақты заңсыз айдап кетіп, атом электр станциясына қарай ұшқан. Кейін ол күнбағыс алқабына шұғыл қонып, артынша көлік айдап кетуге әрекет жасаған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
The Sun басылымының мәліметінше, оқиға демалыс күндері болған. 24 жастағы ұшқыш Калоча қаласының әуежайынан Cessna 172 ұшағын рұқсатсыз алып ұшқан. Болжам бойынша, ол сол сәтте алкогольдік масаң күйде болған.
Ер адам ұшақты елдегі ең ірі «Пакш» атом электр станциясына қарай бағыттаған. Әуе кемесі АЭС маңындағы ұшуға тыйым салынған аймаққа кіргеннен кейін оны Венгрияның әскери-әуе күштері радардан байқаған. Осыдан соң әуеге бірнеше жойғыш ұшақ көтерілген.
Алайда ұшақты әуеде тоқтатудың қажеті болмаған. Бірнеше минуттан кейін ер адам АЭС-тен шамамен алты шақырым жердегі күнбағыс алқабына қатты қонған.
Қону кезінде Cessna 172 ұшағының шассиі жұлынып, әуе кемесі айтарлықтай зақымданған. Соған қарамастан, ұшқыштың өзі жарақат алмаған.
Оқиға мұнымен аяқталмаған. Полиция мәліметінше, ұшақтан шыққан ер адам оқиға орнынан жаяу кетуге тырысқан. Жолға жеткен соң өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып, оны жүргізушіден тартып алмақ болған. Алайда жүргізуші қарсылық көрсеткен. Көп ұзамай полиция келіп, күдіктіні ұстаған.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап, қолданушылар болған жайтты танымал GTA компьютерлік ойынының сюжетіне теңеп жатыр.
Қазір Венгрия полициясы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, ұшақ қонған аумақты тексеріп жатыр.
🇭🇺 UPDATE: The errant plane in Hungary that was forced down after approaching a nuclear plant was being piloted by a 24-year-old DRUNK MAN!
— Mario Nawfal (@MarioNawfal) August 30, 2026
He jacked the plane from Kalocsa Airport and later made an emergency landing in a sunflower field near Gerjen.
If that wasn’t enough,… pic.twitter.com/i9Ge3Sxlam