Швейцарияның түкпір-түкпірінде еріктілер 2000-ға жуық аппақ мақта іш киімін жерге көміп, екі айдан соң оларды топырақ сынамаларымен бірге қазып алып, ғалымдарға жіберді. Цюрих университеті мен Agroscope зерттеу институтының мамандары осы арқылы топырақ сапасы мен ондағы ағзалардың белсенділігі туралы құнды деректер алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сараптама нәтижесіне сүйенсек, іш киімдердің шіру деңгейі жеріне қарай әртүрлі болған: кейбір жерлерде екі айдан кейін мата тек тесілген болса, енді бір жерлерде іш киімдерден тек жіптер ғана қалған.