Моджтаба Хаменеи құпия түрде Мәскеуге жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

PESTEL
1686

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақсатында Ресейдің әскери ұшағымен құпия түрде Мәскеуге жеткізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Al-Jarida басылымына көшбасшыға жақын жоғары лауазымды дереккөз хабарлаған.

«Мәскеуде сәтті ота жасалды, қазіргі уақытта ол президенттік резиденциялардың біріндегі жеке емханада ем қабылдап жатыр», - делінген хабарламада.

Дереккөздің айтуынша, Жоғарғы көшбасшы 28 ақпанда Иранға жасалған алғашқы соққылар кезінде жараланған. Иранға жасалған шабуылдардың жалғасуы ел ішінде емделуді қиындатқан, сол себепті Хаменеи Ресей астанасына жеткізілген. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы метросының «Бауыржан Момышұлы» және «Жібек жолы» станцияларында жолау...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді. Айта кетейік, ана бұған дейін екі рет егіз босанған, де...