Үндістан тұрғындары мобильді интернетті пайдалану көлемі бойынша әлемдік көшбасшылыққа шықты. The Ti...
Миллиондаған америкалық Трампқа қарсы наразылыққа шықты
Фото: DW
АҚШ-та президент Дональд Трамптың саясатына қарсы ауқымды наразылық акциялары өтті. No Kings («Ешқандай патша жоқ») ұранымен өткен шерулер бүкіл елді қамтып, ұйымдастырушылардың мәліметінше, шамамен 8 миллион адамды жинаған. Бір күннің өзінде 3300-ден астам демонстрация өткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz DW-ге сілтеме жасап.
Мыңдаған адам Нью-Йорк бастаған ірі қалалардың көшелеріне шықты. Наразылыққа қатысушылар президент билігінің күшеюіне қарсы шығып, көші-қон саясатын және АҚШ-тың сыртқы саяси бағытын сынға алды.
Наразылықтың негізгі ошақтарының бірі Миннесота штаты болды. Бұл өңірде бұған дейін де жаппай акциялар өткен еді. Қоғамдағы наразылықтың қайта күшеюіне көші-қон қызметтерінің әрекеті себеп болған. Олар екі америкалықтың қаза табуынан кейін қатты сынға ұшыраған.
Миннеаполистегі митингте музыкант Брюс Спрингстинсөз сөйлеп, бұл шерулер азаматтық қоғамның күшін және елдегі жағдаймен келіспейтіндердің бар екенін көрсететінін айтты.
Акциялар тек АҚШ-пен шектелмей, Еуропада да өтті: Париж, Лондон және Лиссабон қалаларында да адамдар көшеге шықты. Қатысушылар Дональд Трамптың отставкасын талап етіп, оның саясатын, соның ішінде халықаралық деңгейдегі әрекеттерін де сынға алды.