Иран АҚШ-тың әскери базаларын зымырандармен атқылады

Фото: Рейтер

ЖАҢАЛЫҚТАР
2028

Иран Катар аумағында орналасқан АҚШ-тың әскери базасына алты зымыран атқылады. Бұл туралы Axios басылымы Израиль шенеунігіне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Олардың айтуынша, шабуыл — АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған соққыларына жауап ретінде жүзеге асырылған.

Иранның Tasnim ақпарат агенттігі зымырандық операцияның «Жеңіс туралы жағымды хабар» деген атаумен Ирак пен Катардағы АҚШ базаларына бағытталғанын мәлімдеді.

«Аль-Джазира» телеарнасы Доха аспанында жарқыл мен жарылыстардың дыбысы байқалғанын хабарлады.

Катар Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері АҚШ-тың Әл-Удейд әскери-әуе базасына жасалған зымыран соққысын сәтті тойтарған.

Сонымен қатар, Катар тарапы Иран шабуылынан кейін жауап қайтару құқығын өзіне сақтап қалатынын мәлімдеді. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...