Белгілі қазақстандық музыкант Тимур Урманчеев «Қазақконцерт» мемлекеттік концертті...
Оқиға орнында көз жұмды: Шымкентте полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: Арман Мухатов
Шымкент қаласы Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан қалалық полиция департаментінің маңында әйел адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаменті әйелді соққан көлікті полиция қызметкері жүргізгенін растады. Бейресми мәліметке қарағанда, ол Абай аудандық полициябөлімінде жедел уәкіл болып жұмыс істейді.
Әйел адам ағаштардың арасынан кенеттен жүгіріп шығып, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүргізуші тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталмады: ол масаң күйде болмаған және жылдамдық режимін сақтаған, - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Департамент кешенді тергеу іс-шаралары басталғанын жеткізді.
Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын хабарлады.