Дүмпулер жалғасуда: Ыстамбұлда тағы да жер сілкінді

Фото: BBC/GETTY IMAGES

PESTEL
1492

Түркияда сәрсенбі күні Мәрмәр теңізінде болған 6,2 магнитудалы жер сілкінісінен кейін қайталанған дүмпулер жалғасуда, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ NTV-ге сілтеме жасап.

Мәрмәр теңізіндегі Бүйүкчекмедже жағалауында 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Бүйүкчекмедже ауданынан 17,82 шақырым қашықтықта, 7,01 шақырым тереңдікте орналасқан. Осыдан кейін бұл ауданда тағы екі дүмпу болды – магнитудалары 3,5 және 3,7.

Сейсмологтардың айтуынша, Ыстамбұлда магнитудасы 4 және одан жоғары сегіз афтершок тіркелген.

Қала билігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп мегаполис тұрғындарын эвакуациялау бойынша егжей-тегжейлі жоспар дайындады.

Егер 7,5 магнитудалы жойқын жер сілкінісі орын алса, зардап шеккендер Түркияның басқа өңірлеріне – Анталья, Аланья, Конья, Измир, Маниса және Денизли қалаларына жіберіледі.

Қала бойынша барлығы 23 эвакуациялық аймақ белгіленген. Эвакуация барлық мүмкін көлік түрлерімен – теңіз, пойыз, автобус және әуе көлігімен жүргізіледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға Абай қаласындағы киім бутигінде болды.  38 жастағы әйел 70 жастағы сатушыны алдап, 10 мың...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент бұл мейрамның ел үшін маңызды екенін алға тартты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. &ldquo...