Астанада соттың шешімімен келіспеген ер адам биік кранның басына шығып кеткені туралы видео тарам ке...
Түркияда төрт қабатты үй опырылып құлады
Фото: sputnik.kz
2024
Түркияның Конья провинциясында төрт қабатты үй опырылып құлады, деп хабарлайды madeniportal.kz жергілікті Yeni Şafak газетіне сілтеме жасап.
Опырылу сәті видеоға түсіп қалған.
"Сельчуклу ауданында үш қабатты опырылып құлады. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар барды", - деп жазды басылым.
Ғимараттың құлау себептері әзірге белгісіз.
Елдің ішкі істер министрі Али Ерликая құтқарушылар үйінді астынан екі адамды аман-есен алып шыққанын хабарлады. Тағы екі адамды құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.