Қой бағып жүрген экс-президент ел алдына шықты

Фото: видеодан скриншот

PESTEL
216

Иранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежад өзінің қаза болғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан экс-президенттің аман-есен екені байқалады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ertenmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Соңғы күндері АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған әскери соққылары аймақтағы жағдайды күрт шиеленістірді. Осы жағдайға байланысты кейбір ақпарат көздері Ахмадинежад әуе шабуылы кезінде қаза тапты деген хабар таратқан еді.

Алайда ирандық Telegram арналары жариялаған соңғы бейнежазбада бұрынғы президенттің тірі екені анық көрінеді.

Бұған дейін танымал Iranist Telegram-арнасы Ахмадинежадтың 1 наурыз күні әуе соққысы кезінде қаза болғаны туралы ақпарат таратқан болатын. 

Президенттік қызметінен кеткеннен кейін де Махмұд Ахмадинежад қарапайым тұрмыс салтымен көпшілік назарында болды. Әлеуметтік желілерде оның ауылда қой бағып жүрген сәттері түсірілген фото және видеолар кеңінен тараған.

БАҚ мәліметінше, ол президент болып тұрған кезінде де Тегерандағы президенттік резиденцияға көшуден бас тартқан. Оның орнына қарапайым үйінде тұрып, ресми жалақысының едәуір бөлігін қайырымдылыққа аударып отырғаны туралы деректер жиі жарияланған.

Сонымен қатар Ахмадинежад өзін университет оқытушысы ретінде көрсетіп, академиялық қызметпен айналысуға да талпыныс жасаған.

Президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін ол саясаттан толық кетпей, бірнеше рет президент сайлауына қатысуға ниет білдірген. Алайда Иранның Қамқоршылар кеңесі оның кандидатурасын тіркеуден бас тартқан.

Соған қарамастан, Махмұд Ахмадинежад Иранның ішкі саяси өмірінде ықпалды әрі танымал тұлғалардың бірі болып қала береді.

Оның қарапайым өмір салты, ауылдағы тіршілігі және президент кезінде де мемлекеттік резиденцияға көшпей, шағын үйінде тұруы халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының назарын бірнеше рет аударған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 20 жастағы жігіт оқушыларды ойын арқылы алдап, ата-аналарының картасынан ақша алдыртқан, д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Жібек жолы ауылындағы жантүршігерлік қылмысқа қатысты тың дерек белгілі болды, деп...