Ресейлік әйел көшеде шоу кезінде әртісті өртеп жіберді

Фото: Pixabay

PESTEL
1422

Санкт-Петербургтің орталығында өткен көше әртісінің отты шоуы оның ауруханаға түсуімен аяқталды. Фаер-шоу кезінде көрермен әйелдің араласуынан кейін ер адам денесінің жартысына жуығын күйік шалып, ауыр жарақат алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Baza-ға сілтеме жасап. 

Оқиға Үлкен Морская көшесінде болған.

Telegram-арнаның хабарлауынша, көрермендердің бірі алкогольдік мас күйінде болған. Әртіс жанған алаулармен өнер көрсетіп жатқан сәтте әйел сахна маңына келіп, керосин құйылған канистрді аударып жіберген.

Төгілген жанармай бірден тұтанып кеткен. Алдымен 27 жастағы фаер-әртістің киімі жанып, кейін от бүкіл денесіне таралған. Куәгерлер жедел жәрдем келгенше жалынды өшіріп, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан.

Зардап шеккен адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның беті, кеудесі, қолдары мен аяқтарында күйік барын анықтады, зақымдану аумағы дене бетінің шамамен 50 пайызын құраған. Күйіктердің басым бөлігі үстірт болғанымен, мамандар тері ауыстыру операциясы қажет болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қазір әртіс жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиғаға себеп болған әйел сол жерде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Құқық қорғау органдары жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...