Талғарда ер адамды атып, екі жасар қызды ұрлап кеткен

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1454

Талғарда ер адамды атып, екі жасар қызды ұрлап кеткен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алматы облысында қылмыстық оқиға тіркелді. Полиция мәліметінше, ер адам өзара жанжал кезінде қарсыласына қарудан оқ атып, оны оқиға орнында мерт қылған. Марқұм – күдіктінің бұрын жақын қатынаста болған әйелінің ағасы екен. Қанды оқиғадан кейін күдікті екі жасар қызды алып, ізін жасырған. 

«Аталған дерек бойынша кісі өлтіру және кәмелетке толмағанды ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген Алматы облысы ПД хабарламасында. 

Қазір күдікті қолға түскен. Қылмыс құралы – кесілген аңшы мылтығы тәркіленді. Ал екі жасар қыз анасына қайтарылып, дәрігерлердің қарауынан өтіп жатыр, деп мәлімдеді ІІМ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 13–21 шілде аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен 67-ші Халықаралық математика...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұған дейін Шымкент көшелерінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін қоғамның сынына ұшыраған...