Жұмыспен қамтылғандар да бар, тегін ақылды қанағат еткендер де жетерлік

Жаңалықтар
720

Алматы үлкен мегаполис болғандықтан, мұнда жұмыссыздардың қарасы да мол болатыны түсінікті. Әсіресе, тамылжыған тамызда, күздің алғашқы айларында өткізілетін бос орындар жәрмеңкесі сол жұмыссыздардың барлығына да жылы үміт сыйлайды. «Қыстың қамын жаз ойлайтын» жұмыссыздар қыста қамсыз болуды мақсат етеді. Бірақ, жәрмеңке барлық жұмыссызды жарылқамайтыны түсінікті. Тек жекелеген жолы болған адамдар өзіне лайықты жұмыс орнын тауып, қанағат етіп жатады. Сондай жәрмеңкенің бірін Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы мен Жетісу ауданынының әкімдігі бірлесіп өткізді. 



Жәрмеңкеге қатысқан 300-ге жуық жұмыссызға 100-ден аса бос орын ұсынылды. «Тұрғынүйқұрылысжинақбанк» АҚ, «Қазжол» қонақ үйі, «Sulpak» ЖШС сынды ұйымдардың өкілдері штаттан тыс кеңесшілер, жүргізушілер, сатушылар, кассирлердің орындары бар екенін айтып, келушілерді жұмысқа шақырды. 

Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жәрмеңкеге қатысушыларға «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы туралы пайдалы ақпараттар берсе, жұмыс ұсынушылар еңбек нарығында жұмыскерлерге қойылатын талаптар туралы айтты. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 250 адам пайдалы кеңестер алды, ал 25 адамға жұмысқа жолдама берілді. 


А. Сейілова

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...