Трамп Иранмен келісім жасалғанын мәлімдеді

Фото: Orda.kz

PESTEL
596

АҚШ президенті Дональд Трамп Францияда өткен баспасөз мәслихатында Иранмен келісімге қол қойылғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макронмен «Үлкен жетілік» саммиті аясындағы кездесуден кейін айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Reuters-ке сілтеме жасап. 

Трамптың айтуынша, келісімнің негізгі шарттары Иранның ядролық қару жасауына жол бермеуге бағытталған. Сонымен қатар ол мұнай нарығында бағаның төмендеп, қор нарықтарында өсім байқалғанын атап өтті.

Президент келісімге байланысты ресми қол қою рәсіміне қатысуы мүмкін екенін, бірақ бұл нақты шешілмегенін айтты. Оның сөзінше, құжаттың толық мәтіні жұма күнінен кейін жарияланады.

Трамп Иран өз міндеттемелерін орындағанға дейін санкциялар толық жеңілдетілмейтінін де ескертті. Сондай-ақ ол Ормуз бұғазы жұма күні толық ашылатынын мәлімдеді. 

Шоу-бизнес

Бішкекте өткен Шакираның концерті Қырғызстанға мыңдаған шетелдік туристің келуіне себеп болды. Қырғы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында балабақша қызметкерлері мінген көлік ауыр жол апатына ұшырап, үш әйелд...