Израиль Иранға соққы жасағанын ресми түрде мәлімдеді

Фото: Pixabay

PESTEL
1093

28 ақпан күні Таяу Шығыстағы жағдай күрт шиеленісті. Израиль Иранға соққы жасағанын ресми түрде мәлімдеді. Осыдан кейін Иран астанасы Тегеранда жарылыстар естіліп, қала тұрғындары арасында дүрбелең басталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи Тегеранда емес. Ол қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл ақпаратты агенттікке ресми өкіл растаған. Алайда оның нақты қайда екені жарияланған жоқ.

Израильдің мәлімдемесі

Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац ел әскері Иранға «алдын ала соққы» жасағанын айтты. Оның сөзінше, бұл қадам Израильге төнуі мүмкін қауіптердің алдын алу мақсатында жүзеге асырылған.

Израиль армиясы (ЦАХАЛ) бүкіл ел аумағында төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады. Ел тұрғындарына бомба паналарына жақын болу ескертілді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы метросының «Бауыржан Момышұлы» және «Жібек жолы» станцияларында жолау...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді. Айта кетейік, ана бұған дейін екі рет егіз босанған, де...