Жаппай улану: Суши мен ролл жегеннен кейін 19 адам уланып қалды

Фото: Pixabay

PESTEL
422

Мәскеу облысының Зарайск қаласында кафелердің біріне барғаннан кейін 19 адам тағамнан улану белгілерімен дәрігерлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Тергеу органдарының мәліметінше, зардап шеккендер 9 және 10 шілде күндері ауруханаға түскен. Анықталғандай, олардың 16-сы бір қоғамдық тамақтану орнында болған. Зардап шеккендердің арасында жеті кәмелетке толмаған бала бар.

Уланғандардың айтуынша, денсаулықтары нашарламас бұрын суши мен ролл жеген. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 12 науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында 26 жастағы электр монтері Манас Қылышбаев тоққа түсіп, о...

СПОРТ

Бүгін, 25 тамызда қазақстандық қақпашы Стас Покатилов Чемпиондар лигасының ортақ кезеңіне жолдама...