Трамп Ормуз бұғазы мен мұнай туралы даулы мәлімдеме жасады

Фото: РИА

PESTEL
234

АҚШ президенті Donald Trump өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Ормуз бұғазы мен аймақтағы мұнай ресурстары туралы резонансты жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тағы сәл ғана уақыт берілсе, біз Ормуз бұғазын оңай аша аламыз, мұнайды алып, орасан пайда табамыз. Бұл бүкіл әлем үшін нағыз “фонтан” болар еді, – деп жазды ол. 

Бұл жазба Таяу Шығыстағы және әлемдік мұнай нарығындағы шиеленіс сақталып тұрған тұста жарияланды. Ормуз бұғазы әлемдегі мұнай жеткізудің негізгі бағыттарының бірі саналады. Сондықтан оны бақылау немесе пайдалану туралы кез келген мәлімдеме халықаралық деңгейде үлкен резонанс тудырады.

Трамптың бұл сөзі әлеуметтік желілерде де, сарапшылар арасында да қызу талқылана бастады. Себебі мұндай риторика жаһандық энергия ресурстары жеткізілімінің тұрақтылығына қатысты алаңдаушылықты күшейтуі мүмкін. 

АЙМАҚТАР

«Қазгидромет» синоптиктері 4 сәуір, сенбі күні Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жария...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облысында 23 жастағы әйел жаңа туған сәбиін сатпақ болған. Ол сауданы жүктілігінің соңғы ай...