Туыстары қаза болды деп ойлаған: Непалда әйел 10 күннен кейін тірі табылды

Ашық дереккөз

PESTEL
568

Непалда алапат су тасқынынан кейін жоғалып кеткен әйел 10 күннен соң үйінді астынан тірі құтқарылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға Нувакот ауданындағы Бетравати елді мекенінде болған.

64 жастағы Чандика Кумари Шрестха төрт қабатты үйдің жоғарғы қабатында балшық пен үйінді арасында қалып қойған.

Оның отбасы әйелді қаза тапты деп ойлап, тіпті аза тұту рәсімдерін бастап кеткен. Алайда іздеу кезінде құтқарушылар үй ішінен әлсіз дауысты естіп, оның тірі екенін анықтаған.

Құтқару операциясына Қарулы полиция күштерінің инспекторы Суман Б.К. жетекшілік еткен топ қатысқан. Әйелді үйінді арасынан шығару шамамен 40–45 минутқа созылды. Құтқарылған сәтте ол өздігінен жүре алмағанымен, есін біліп, сөйлей алған. Кейін тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.

Бұл оқиға Непалдағы жойқын табиғи апаттан кейінгі іздеу-құтқару жұмыстары кезінде болған сирек қуанышты жағдайлардың біріне айналды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тойлардың бірінде әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жуманова қымбат смартфон ұтып алып, көпш...