Түркияда Ресей мен Украина көшбасшыларының кездесуі жөнінде келісімге қол жеткізілді

Фото: Ozan Kose/AFP

ЖАҢАЛЫҚТАР
1229

Ресей мен Украина көшбасшыларының кездесуі жөнінде келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ DW-ге сілтеме жасап.

Ресей мен Украина көшбасшыларының кездесуі жөнінде келісімге қол жеткізілдіТүркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданның мәлімдеуінше, Ресей мен Украина Стамбұлда өткен үшінші келіссөз раунды барысында екі ел президенттері – Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің Түркияда кездесуіне қатысты принциптік келісімге келген. Бұл туралы министр 25 шілде күні NTV телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Фиданның сөзінше, 23 шілдеде өткен келіссөздерде көшбасшылардың қай жерде және қандай жағдайда кездесуі мүмкін екені талқыланған.

"Келіссөз топтары бұл процесте маңызды рөл атқарады", – деді ол.

Алайда саммиттің нақты уақыты әлі белгісіз. Министр бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқанын және тараптар арасында кездесуге дайындық байқалатынын атап өтті.

"Барлығы бірдей бұл ұсынысты қабылдауға дайын емес. Бірақ біз тиісті жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз", – деді Фидан. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...