Нью-Йоркте биік ғимараттардың бірінде психологиялық ауытқуы бар жас жігіт шабуыл жасап, 4 адамды аты...
«Жапаров – Қазақстан президенті»: Арменияда хаттама басшысы қызметінен кетті
Фото: MadeniPortal.kz
Армения премьер-министрі Никол Пашинян мемлекеттік хаттама қызметінің жетекшісі Гагик Ваноянды қызметінен босатты. Бұл шешім 19 қазанда белгілі болды. Бұған екі күн бұрын Пашинянның Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты Қазақстан президенті деп қате атауы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға 17 қазанда Ереванда өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәлімдемесі кезінде болған. Алдын ала дайындалған мәтінді оқыған Пашинян сөзін: «Ең алдымен Қазақстан президенті Садыр Жапаровқа Арменияға қош келдіңіз дегім келеді», – деп бастаған.
Бұл туралы Азаттықтың армян қызметі – «Азатутюн» радиосы хабарлады.
Алайда Гагик Ваноянның қызметтен босатылуына осы оқиғаның себеп болғаны ресми түрде расталған жоқ. Үкімет қаулысында да оның қызметтен кету себебі көрсетілмеген. Армения үкіметі премьер-министрдің шешіміне қатысты түсініктеме беруден бас тартты.
Гагик Ваноян мемлекеттік хаттама қызметін 2022 жылдың желтоқсанынан бері басқарған. 2026 жылдың тамызында ол осы лауазымға қайта тағайындалған еді.