Жерге жарты тонналық ғарыш аппараты құлауы мүмкін

Фото: dzen.ru

PESTEL
1225

Жерге кеңестік «Космос-482» ғарыш аппаратының қондыру модулі құлауы мүмкін. Бұл туралы халықаралық аэроғарыш сарапшылары ескертуде, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап. 

Аппараттың салмағы шамамен 500 келі, ол 1972 жылы Венераға ұшырылғанымен, апатқа ұшырап, Жер орбитасында қалып қойған.

Қондыру модулі мамыр айының бірінші жартысында Жер атмосферасына енуі мүмкін. Құлау уақыты нақты белгісіз. Бірақ кейбір сарапшылардың айтуынша, аппараттың елді мекендерге құлау қаупі бар.

«Космос-482» аппараты 1972 жылы 31 наурызда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған. Ол «Венера-8» миссиясының дублері ретінде жіберілген. Бұл тәжірибе сол кездегі ғарыштық зерттеулердің сәтті болуын қамтамасыз ету үшін қолданылатын әдістердің бірі. 

PESTEL

Зеленский Путинді Киевке шақыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Владимир Зелен...

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Ақтөбе облысының білім беру саласында ата-аналарды алдап, заңсыз әрекеттерге барған мұғалім анықталд...