«БАҚ-тағы мәліметті растамады»: Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі ашылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Пікір
606

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшағының қара жәшіктерінен алынған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлады madeniportal.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап. 

Лавровтың айтуынша, ұшақтағы жазбаларда “қызық мәліметтер” анықталған. Оның сөзінше, кейбір деректер бұған дейін БАҚ-та тараған апат туралы мәлімдемелерді растамайды. Алайда нақты қандай ақпарат бар екені ашып айтылмады.

 Бразилияда арнайы кездесу өтті, “қара жәшіктер” ашылды. Олардың мазмұны біраз маңызды мәліметтер берді. Толыққанды тергеу нәтижесін күту керек, ақпарат кеңістігінде жағдайды ушықтырудың қажеті жоқ, – деді Лавров баспасөз конференциясында.

Айта кетейік, 2024 жылы 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға былтыр 20 сәуірде Меркі ауылында болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz сайтына сілтем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

24 сәуірге қараған түні Жетісу облысындағы тасжолда екі адамның өмірін қиған жол апаты болды, деп ха...