Мемлекет басшысының былтырғы атқарған қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шықты. Президенттің басп...
“Ерке Есмахан Асхатқа ұлын 1 жыл көрсетпей қойған”. Асхат Садырбайдың экс-жұбайы шындықты айтты
Фото: видеодан скриншот
Айғаным Болатқызы Анна Данченкоға берген сұхбатында Асхат Садырбаймен тұрмыстық өмірі қалай болғанын, қандай әке болғанын айтып берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Сұхбат барысында Айғаным Болатқызы журналистің сұрағына жауап беру барысында танымал әнші Ерке Есмаханның ұлы Муслимді әкесі Асхатқа 1 жыл көрсетпей қойғанын және соның әсерінен жұбайының агрессия танытқанын айтты.
“Мен үйленіп, біздің тойымыз болғаннан кейін Асхат пен Ерке екеуінің арасында ерегіс болды ма, 1 жылдай көрсетпей қойыпты баланы. Ер азамат ретінде Асхаттың ішіне түсіп көрсем ауыр тиеді. Баланы көрмеген оның бір қасындағы адамдарға өзінің агрессиясын шашып, баласын көрмегені үшін, сондайлары болу керек. Кейін мен оны түсіндім”, - деді Айғаным Болатқызы.
Асхат Садырбайдың экс-жұбайы балалы болғанда жұбайының басқа баласын іздегені ыңғайсыздық тудырғанын да жасырмады.
“Әр отбасыда болады негізі. Екінші болып үйленген соң, қызғаныш деген қалай, өзіңнің балаң қасыңда болған соң, сырттағы баласын іздегені ыңғайсыз нәрсе тудырады. Неге ол мына баласына көңіл бөлмейді деген сияқты. Бірақ менде ондай қызғанып, истерика жасау болған жоқ”.
Айғаным Болатқызы сұхбат барысында Ерке Есмаханның ұлы мен өзінің ұлы Зейіннің жолығып, танысып қойғанын, араласатынын да айтып өтті. Сондай-ақ, Айғаным Болатқызы ұлына “Бұл сенің бауырың, бірінші некесі болған, мамасын телевизордан көріп жатса, міні әнші деп Зейінгі түсіндіріп айтамын. Ол қазірден біле берсін. Ертегі күні балаға ауыр болмасын, біздің осылай үйленгеніміз деп балаға бәрін түсіндіріп айтамын” деп толықтырды.