Көңілдесі болған деген Бишімбаевтың мәлімдемесіне белгілі кәсіпкердің жұбайы жауап берді

Фотосурет: инстаграм парақшасынан

Пікір
2450

Кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова әлеуметтік желіде Бишімбаевтың сот отырысында айтқан мәлімдемесіне қатысты қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды  madeniportal.kz.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев сот отырысында берген жауабында «Салтанат Нүкенова Райымбек есімді белгілі кәсіпкердің көңілдесі болды» деп мәлімдеген еді. Көпшілік оны Райымбек Баталов деп меңзеп отырғанын айта бастады.

 «Кеше барлығымыз атышулы сот процесінің куәгері болдық. Сот емес «Пусть говорят» шоуын көріп отырғандай болдық. Менің отбасым жайлы негізсіз айтылған мәлімдемеге пікір білдіргім де келмейді. Мен тек Салтанаттың отбасы мен жақындарына күш-қуат, шыдамдылық және бүкіл елдің қолдауымен әділдік орнайтынына сенім білдіремін»,– деді Ленара Баталова.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балпық ауылдық округінің орталығы – Жаңаталап ауылында №147 сайлау учаскесінде таңмен таласа о...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде орынсыз ақпараттық шабуылдарды тіркелгенін мәлімдеді...