&nb...
Төлеубек Омаров. Ормандағы вальс
Фото интернеттен
Төлеубек Омаров - Астана қаласы бойынша ІІМ-нің Ардагерлер кеңесінің мүшесі, «Құрметті ардагер» медалімен марапатталған. Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының тумасы. Ішкі істер минстрлігінің мектебін және Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Өлеңдері облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрген.
Үйлену
( Әзіл өлең)
Үйлен, үйлен, үйлен деп,
Сөз естимін үйден көп.
Ондай ойдан аулақпын,
Әлі ешкімді сүйгем жоқ.
Ақ анашым шыдай тұр,
Күйбең, күйбең, күйбең деп.
Ал, әкетай, айтпашы,
Үйлен, үйлен, үйлен деп.
Зәтте болдым, қашамын,
Үйлен деген сөзден көп.
Сүймегенге сүйкенбе,
Қағида сөз үлкенде.
Ойнап, күліп жүрейін,
Арадағы ұл кенже.
Той жасаймыз жыйылып,
Келін түсер иіліп.
Сүйер адам табылса,
Маңдайыма бұйырып.
Үйлен, үйлен, үйлендім,
Кісенделдім үйге ендім.
Сүйдім, күйдім, үйлендім,
Отбасылық күйге ендім.
Мен басында білмеппін,
Енді міне үйрендім.
***
Қалтырап жапырақтар дірілдейді,
Өткені бір күнгідей білінбейді.
Сыйдиып терек басы селдіреген,
Жел тарақ тырнағына ілінбейді.
Сау жандар бұзылмайды жүдеп тегін,
Бұл өмір қас қағым сәт жүрдек пе едің.
Ағаштар жан тәсілім азынаған,
Бойынан бөліп жатыр жүректерін.
Қу терек тынышталды дамыл ұстап,
Бұл заңнан кімдер айтшы жаңылыспақ.
Сұм қарға қос аяқпен сығымдап ап,
Қарқ етіп бірдеме айтты, тамыр ұстап.
Дүние берген шүкір, жаралыс сол,
Жазса Алла көрсетеді тағы алыс жол.
Бұтақтар арса-арса көкке қарап,
Құдайына жалбарынды тарамыс қол.
Әдеп басы «сіз» деген
Тіл ажары – сөзбенен,
Бастың көркі – көзбенен.
Жаманның аты – жаманды,
Ел ісіне төзбеген.
Қисыш ағаш – тезбенен,
Құмған сәнді – жезбенен.
Азамат деме наданды,
Адалдықты сезбеген.
Ақын шықпас езбеден,
Төмен тұрар өзгеден.
Талаптанып ұмтылған,
Мақсатқа жетер көздеген.
Жоғын табар іздеген,
Үміттен күдер үзбеген.
Асылы адам затында,
Әдептің басы «сіз» деген.
Замандасқа
Ей, азамат, замандастар, сырласым,
Шындықты айтып бастайыншы жыр басын.
Мадақтасам кеуде керме, елірме,
Жамандасам, сағың сенің сынбасын.
Өмір сүрдің көрдің оны көзіңмен,
Кейде мәз боп, кейде жүрдің төзіммен.
Іс тындырдың бұйрықпенен айтумен,
Кеңестің бе, қабырғаңмен, өзіңмен?
Қазақ елі жоғары тұр айданда,
Мәнсіз, жәйсіз мұны бекер айтам ба?!
Толмас көңіл, аты барда заты жоқ.
Жіпке тізіп, көрші өзің ойланда.
Лажсыздан, биліксізден күрсіндім,
Түсінемін керексізін құр сынның.
Елі үшін, жері үшін пайда жоқ,
Алтын тасы тоналуда Күршімнің.
Елім демей, жерім демей қояйын,
Өртке айналып кетіп жүрер қой ойым.
Шовинистер қоздырады жер дауын,
Қалжың емес, әзіл емес қай ойын?!
Аңқау халқым мойын сұнған қош алып,
Білерің тек мал өрбіту қозы алып,
Ғылым, білім, саясатпен ісің жоқ,
Ел-жеріңе жасамайсың қожалық.
Жер-көкті улап, табан тіреп тап белден,
Бәз біреулер байлығымды тартты елден
Деп айтуға көзі ашық жігіттер,
Жасқанады айырылам деп портфельден.
Бірің айтсаң, бірің қоста - бірлігің,
Сөйтіп елдер көрсетеді тірлігін.
Араны ашық, жәйін ауыз алпауыт,
Сескенбейді, жұтып қояр кімді кім?!
Қайда халқым, жұдырықтай бірлігің,
Өсер елдер көрсетеді тірлігін,
Туған елдің тұзу ұшсын түтіні,
Ашық ұста киіз үйдің түндігін!
Ормандағы вальс
Мың бұралтып билетті жел теректі,
Әуенімен сүйемелдеп ең керекті.
Сыбдыр- сыбдыр сыңғыр күлкі,
Жылы леп, бетін шарпып еркелетті.
Қосылып тал,терекке қайың қыздар,
Желпітіп етек жеңін ойын қызар.
Қыпша бел талды қысып бір бұтағы,
Екіншісін ұмтылтады мойынға асар.
Бүкіл орман вальс билеп шыр айланған,
Иіліп, майысқаны шығады ойдан.
Жаз жаны, желі муза желіктіріп,
Құлпырып жапырақтар шырайланған.
Бұталар тиіп қашып,қолды айырған,
Ырғақсыз тоқтап бәрі, жолды айырған.
Қалың ну сыбыр,сыбыр,күбір,күбір,
Бір патия сұрап тағы жалбарынған.
Арман
Өмірге құштар болып аңсап толдық,
Бала кез ойға келмес мансапқорлық.
Қыдырып,түні бойы үйқы көрмей,
Үйленіп,тынышталып ән сап болдық.
Бүл күнде тәнті етемін жырды басқа,
Ақтарып ағылайын сырды досқа.
Арбаған сөз сиқыры бойды меңдеп,
АЙықпас дерті шалып үрды басқа.
Жүрегін муза кернеп басты ұл қадам,
Дәмесіз,еш талассыз бас тұлғадан.
Көбіктей көпірмеймін қазандағы,
Өлеңсіз,бейбіт күнсіз,бос түл ғалам!
Жетегін қусаң ойдың мың сан тарам,
Дегендей түс соңыма мұршаңды алам.
Нсйзағай күркіреген даусы бөлек,
Жаңа бір үн тілейме жусан далам?
Мызғымай таулар тұрар өркештеніп,
Күн батып кетседағы әр кеште еніп.
Сом дене пір тұтарым Абай ақын,
Ғасырларға бара берер әлпештеніп.
Тіршілік мына өмірден қас қағым сәт,
Аттарын жазып кетпес тасқа кім сап.
Арманның биігі етіп өлеңді алдым,
Тебірентер оқырманын асқақ үн сап.
Күзгі элегия
Өмірдің ілесе алмай шылбырына,
Айналама көз саламын қынжылына.
Өзегімнің ар жағында, өгіз арман,
Сүлулар шомылады күн нүрына.
Тұнық көңіл, ойды қалай шектесін,
Қолды созам жетсін әлде жетпесін.
Қызыққаннан, құмартқаннан не пайда?
Қоңыр күзім берді арқасын,желкесін.
Басты тартып,қойсада алға табағын,
Қоңыр күзде салбыраңқы қабағым.
Мұз таудыңда шың басына күн тұскен,
Жанарыңды қадап қойшы,қарағым.
Ақ лақтай ойнақтаса қыз-қырқын,
Ат тоқтатып,тартпас дейсің шылбыр кім?
Аяғымды арықарай аттатпай,
Кісендеді,қап-қараңғы, шынжыр түн.
Қызғаныш па, немене?
Бір ақынға
Ақының аты шулы мен емеспін,
Бақ талас тудырардай неге егестің?
Жоғалтса сенген адам өлеңіңді,
Ат қойып,айдар тағып,мінемес кім?
Көңілдің быт-шыт болып сынғаны шын,
Мен түгіл,бере қоймас қыз намысын.
Естігем талайлардан өнерде адам,
Көтерген ала қүйын қызғанышын.
Келтіріп сылтаурайсын бай амалды,
Ой ұрлап жалтақтаған болама оңды.
Қызғанышпа немене,қызыл оттай,
Көрмеп ем бұрын соңды поэмаңды.
Бәйгеге жырын қосқан қандай көп үн,
Маржанын гүл шоғындай таңдайдыелім
Айтарым меніңде бар сондықтанда,
Тамшылап аға берсін,маңдай терім.
Тұйық шеңбер
Үзілді дем, өлді бітті, жоқ адам,
Ауа сыйпап, қарманасың, нөл адам.
Үміт жібін, өмір жұгін тоқтатып,
Кетті мәңгі, қайыр күтпе ,жоқ одан.
Мықты еді, атағы бар, заты бар,
Дес бермейтін, оқша тура атылар.
Енді оның атамайды есімін,
Мәйітті әкел, сүйекті әкел, айтылар.
Жаралған соң бұл өмірге пендеғып,
Елден неге қалам дейді мен неғып?!
Енді қайтсын, өмір ағыс күресі,
Сыйлап еді, құрмет тұтып,елде ұғып.
Өлім, рұқсатта сұрамайды, жоқ одан,
Ала тұсіп алысармеді жағадан.
Еншісіне екі-ақ метр көр тиіп,
Бір-ақ шықты қабірстан моладан.
Өмір осы келетінде кететін,
Өлім осы қашсаңдағы жететін.
Шыр айналған түйық шеңбер ішінде,
Әр адамның бастарынан өтетін.
Алғашқы қар
Көрпесімен жауыпты даланы ақ қыс,
Кеше ғана жатыр еді жалаңаш түз.
Жұмыр жер тербелгенде бір төсіне,
Сырғанап кетті аунап домалап күз.
Кіршіксіз,аппақ ұлпа ,алғашқы қар,
Көрінеді көзге ыстық алғашқылар.
Ақ мамық шимай-шимай із көсілген,
Саятшы,бұркітшілер аңға шығар.
Шашуы көк аспанның қар сеуіп тұр,
Бойыңа қуат алып, қал сергіп бір.
Қадамы құтты болсын қыстың кірген,
Жүректер үлпілдейді,қол соғып тұр.
Қуғын
Көш бойы үзап кетті түстастарым,
Орта жол,барып ішіп түскі астарын.
Дүбірге жер тарпынып шыға келсем,
Өлеңде көбі болар ұстаздарым.
Шын жүйрік намыс қысса арындаған,
Беремін жан дүние барымды оған.
Шаңғыдан жүгіруде болдым алды,
Өлеңде терім менң алынбаған.
Өзімді аямаймын қамшы басып,
Өнердің көзі болса аршып ашып.
Қызымет, жеке үй салу, бала шаға,
Бір басқа түсті бәрі қайшыласып.
Еңбекте қарқыны мол күн үтымды,
Бәсекесін беріп оған түн үтылды.
Үзбеймін ішке сыймай тұрткілеген,
Ақ өлең,қара өлеңнен үмітімді.
Жүз келіп,жүз кетеді ой санадан,
Еркіне беріп оның, қойсаң адам.
Жырыма мөлдір моншақ тақсам деймін
Ен салып, арғы атамдай, қой санаған.
Көш бойы үзап кетті тұстастарым,
Десемде өздеріңмен қоштаспадым.
Желмая жүгін артып қуып берді,
Абайла, артқа қара, көш бастарым!!!
Сарбаз сағынышы
Сен мені сүйгенің распа,распа?
Жиілеп хат жазып раста,раста.
Келген соң әскерден,сүйіктім,
Бәріде айналат расқа,
Бәріде айналат расқа.
Сейілтіп ойдағы мұңды бір,
Хат келді,қағады қол діріл.
Сезімнің шапағы қыяннан,
Көрсетті көзіңнің мөлдірін.
Ел жұртым бейбіт күн аңсаған,
Келгенше күтуің ар саған.
Сарбаздар шырқаған саптағы,
Шіркін-ай, жетпейдау ән саған.
Киімдер жарасқан біркелкі,
Міндетін атқарған біл ерді.
Шерулеп адымдап нық басқан,
Оң аяқ,сол аяқ, бір, екі, бір, екі,
Оң аяқ,сол аяқ,бір,екі,бір,екі…
Тылсым дүние тіршілік
Тылсым дүние тіршілік,
Сойлессе шіркін тіл шығып.
Қоярем миллион сұрақты,
Қатпады бір ақ ұн шығып.
Жер,аспан,су,ауаңыз,
Таусылып бітпес бүл аңыз.
Тылсым дүние тіршілік,
Құлақты сізге бұрамыз.
Ғаламат өмір жерде де,
Көтерген бәрін жер кеме.
Алапат қүйын ұшатын,
Сұрағым бар желге де.
Табиғат тылсым дүние,
Сыя алмай шықтым үйіме.
Тың тыңдап құлақ тосамын,
Сыбызғы тартқан күйіңе.
Тылсым дүние тіршілік,
Талпынып өскен бір шыбық.
Анары толған толықсып,
Томпайып тұр бұр шығып.
Табиғат дүние тіршілік,
Өмірге құмар үмсынып
Обал-ай, Алла, обал-ай,
Жайқалған қалды гүл сынып.
Бір кіріп үйге,бір шығып,
Қарадым оған кұрсініп.
Қарауытып бүгіліп,
Солып қалды тұншығып.
Жайдары шуақ көк аспан,
Өзіңнен биік кім асқан?!
Тылсым дүние тіршілік,
Себелеп жауып төк аспан.
Тасымас қаптап су бекер,
Жәйпәйды анық,шу көтер.
Бақаны қойшы,
Қайтемін?
Тамшылап тұссе суға тер!!!
Атмосфера қабыршағы ауаның,
Озон деген тесігі бар оның.
Тылсым дүние тіршілік,
Шегіне жету дау оның.
Білуге сені жұлқындық,
Жүректер соғып бұлқындық.
Тамсанам саған, дүние,
Ғажайып әлем бұл шындық!
Құпия өрісің кең неге?
Ғылымның сыры кем неге?
Ғалым болмадым мен неге?
Тылсым дүние тіршілік,
Бірдеме деші,пендеңе!
Екі қария және мен
Қыс мінезін көрсетер қаңтар-ақпан,
Шымшылап, зыр жүгіртіп қан таратқан.
Ағаш күрек үстаған екі қария жүр,
Ескенде қимылынан қар шаң атқан.
-Күн бүгін тұр ау – деді – қораланып,
Күнгейлеп тесірейіп қарап алып.
-Е-е-е, күн қораланса күрек сайла,
Қар бұл бір басқалы тұр қораны алып.
-Біздерді мүжіп міне жас кеп қалды,
Өмірде бұзылмайды тас беталды.
Былтыр қыс, зәрлі суық ерте түсіп,
Сым болат сынды көпір тас бетонды.
-Е, биыл жәйлатты қыс, көп кешігіп,
Мал жүрді қара күзде көкке шығып.
Жарықтық артын берсін молшылыққа,
Төккелі тұрғой әне көктен сығып.
-Табиғат жасайдығой көздегенін,
Кешіксін, кешікпесін өз дегенін.
Ақсақал мойнын бұрып, жалт бұрылды,
Қап, әттең! Түскенім ай көзге менің.
Әңгімеге болдым ортақ, қалды сезіп,
Омбылап жеттім әйтеу қарды кезіп.
Көктен төксін, жерден өнсін, ақсақалдар
Ассалаумағалейкум! дедім қолды созып.