Бауыржан Момышұлы туралы 13 дерек

Фотосурет ашық дереккөзден

ҚАЛАМГЕР
506

1. Қыстың қаһарлы баласы

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында дүниеге келген. Қыстың қаһарлы шағында туғандықтан, мінезі де қатал әрі салқын сабырмен қалыптасқан. Бала күнінде ауылдастары оны «Шаңтимес» деп атаған.

2. Алғашқы ұстаздық қадам

1928–1930 жылдары бастауыш мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. Осы кезең оның тәртіпке, жүйеге және тәрбиеге деген ерекше көзқарасын қалыптастырды.

3. Экономист Момышұлы

Әр саланы тез меңгерген зеректігінің арқасында Шымкент өнеркәсіп банкісінде экономист болып еңбек етті. Қаржы ісін жетік меңгергенімен, әскери тәртіптен еш алыстаған жоқ.

4. Ат үстіндегі өнер иесі

Соғысқа дейінгі жылдары ат үстінде қылышпен ойын көрсету өнерімен көпшілікті тәнті еткен. Сол өнері арқылы Буденныйдың назарына іліккен.

5. Панфилов дивизиясының жауынгері

1941 жылдың қыркүйегінен бастап генерал-майор И.В. Панфилов басқарған дивизия құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты.

6. 207 рет майдан даласында

Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа кіргені туралы дерек бар. Оның батырлығы мен әскери шеберлігі кейінгі ұрпаққа аңыз болып жетті.

7. Соғыстан кейінгі дәрістер

1945 жылы Алматыға оралған соң, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев сынды ғалымдардың шақыруымен соғыс психологиясы жайлы дәрістер оқыды. Осы дәрістер кейін «Соғыс психологиясы» атты кітапқа айналды.

8. Екі қазақ командир

Қанқұйлы соғыс жылдарында дивизия басқарған екі қазақ болған:

Бірі – Бауыржан Момышұлы,

екіншісі – Әбілқайыр Баймолдин.

9. Әскери академиядағы ұстаз

1950–1955 жылдары Совет Армиясы әскери академиясында полковник шенінде сабақ берді. Генералдар алдында лекция оқып, стратег әрі шешен тұлға ретінде мойындалды.

10. Куба сапары және Фидель Кастро

1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Кубаға барған.

Кейін 1963 жылы тағы бірнеше мәрте арнайы сапар жасады.

Кастроның өзі түрмеде отырған кезінде Момышұлының кітаптарын оқып, рухани әсер алғанын айтқан.

11. Қорғаныс комиссариатындағы тосқауыл

Елге оралған соң Қорғаныс комиссариатының басшылығына келу ойы болған.

Бірақ науқаншыл жүйе оның бұл ниетіне мүмкіндік бермеді.

Тіпті ректор Өмірбек Жолдасбеков Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына жұмысқа шақырғанмен, қарсылыққа тап болған.

12. Шығармашылыққа бетбұрыс

Кейін әдебиетке толық келіп, қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазды.

Шығармаларының өзегі – адам рухының беріктігі мен ар-намыс философиясы.

13. Жеке өмірінің бояуы

Бауыржан Момышұлы бірнеше рет шаңырақ көтерген.

Алғашқы жұбайы Бибіжамал Мұқанқызынан – Бақытжан есімді ұлы туған (жазушы).

Екінші жары – Вера Строева, режиссер, жазушылыққа жетелеген тұлға.

Кейін Клавдия Коркина атты сыған қызымен бірге өмір сүріп, Елена Бауыржанқызы дүниеге келген.

Соңғы әйелі – Бақытжамал Қалибекқызымен 13 жыл бірге ғұмыр кешкен.

 

author

Бауыржан Момышұлы

ЖАЗУШЫ