Иран — көне өркениет бесігі, әлемдік даналық тілі

Фото: MadeniPortal.kz

ҚАЛАМГЕР
44

Иран жайында сөз қозғалғанда, көз алдымызға ең алдымен мыңдаған жыл бұрын осы жерде салтанат құрған ұлы өркениеттің елестейтіні сөзсіз.

Шын туайтында, Иран ең кейінгі тас дәуірі кезеңіндегі Елам өркениеті мен Сиалк төбелерінен бастап, Һахаменеши әулетінің құдіреті мен өнерінің белгісіне айналған зәулім Тахте Жәмшидтің асқақ салтанатына дейінгі әлемдегі еңкөне өркениеттердің бірін қалыптастырды.

Йезд, Шираз және Исфаһан сияқты қалалардың төрінде ізі әлі кұнге дейін сайрап жатқан материалдық мұра Иранның бай тарихының тек бір парасы ғана. Бәлкім, Иранның әлем мәдениетіне қосқан шоқтығы биік, мәңгілік мәдени қазынасы парсы тілі мен әдебиеті болса керек.

Ұлттық эпос «Шаһнаманы» жазып, Иранның ерлік тарихын мәңгілікке аманаттаған Фирдоуси, рубаиларымен болмыстың сырына бойлаған Һайям, ғазалдары махаббат пен әлемде сопылық тіліне айналған Хафиз және махаббат пен жаратылыстың бірлігін жырлаған Руми сынды шайырлардың есімдері Иранның жағырапиялық шекарасымен шектеліп қалған жоқ. Олардың үні ғасырлар бойыШығыс пен Батыс әлемінде жаңғырып, жер-жаһандағы сансыз ақын-жазушыны, философтармен ойшылдарды шабыттандырып келеді.

Парсы тілі өзінің теңдессіз нәзіктігімен тек бай сөздік қорды ғана емес, сонымен бірге адамзаттыңтерең рухани құндылықтарын жеткізудің ерекше тәсілін қалыптастырды. Бұл тіл қазіргі таңда да халықтар арасындағы мәдениеттің мықты көпірі қызметін атқаруда.

 

Мұхаммад Масуд Садеқи – Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының мәдени істер жөніндегі атташесі

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 21 маусым күні Астана – Қорғалжын автожолын...

ӘДЕБИ ӘҢГІМЕ

Біреулер өмірді «әділетті» дейді. Енді бірі пенденің ниетіне байланысты, Құдай қалауын б...