«Бұрынғыны айтпай, соңғы еске түспейді». Еске алу үшін де айтушының маңызы қаншалықты ек...
Көркем Театр мектебінің бүгінгі серкесі – «кіші» Сергей сері
Фото: ашық дереккөзден
MADENIPORTAL.KZ ұжымы оқырман назарына Мәсуеудегі Көркем Театр мектебінің кешегі түлегі, бүгінгі серкесі – «кіші» Сергей серісі туралы эссені ұсынады.
Рязань аспаны...
Сергей Витальевич Безруков (1973 жт) оқыған атақтыжырды – 1997 жылы 24 жасында Сергей Есениннің рөлін сомдағаны үшін РФ-ның Мемлекеттік сыйлығының иегері болған кестесі өзгеше керемет бұла талант. Бұдан кейін РФ-нің еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің Халық әртісі деген барлық атақ пен даңқы тұтасқан бізше «екі тумайтын...» тұлғалардың бірегейі. Әкесі де бұрындары бұрынғы кеңестік орыстың сатиралық театрының орасанозығы, таланты да бұрқақтаған актёрі болған өнердің өрені, өз кезеңіндегі әйгілісі. Әкесінен оған, – «Сергей» деп орыстың атақты аңыз ақыны Сергей Есениннің есімін сыйлаған шедеврі һәм ерекесі. Мәскеудегі КөркемТеатр мектебінің кешегі түлегі, бүгінгі мүйізді серкесіосы – «кіші» Сергей сері.
Ол, Михаил Булгаковтың әлгі бір әлемге мәшһүр болған және талас пен тартыс арасында ақыры жабылуға да бір табан жақын қалған – «Мастер мен Маргарита»фильмінде ғаламат шабытпен ойнаған сойқан актёр.Осыны айтуымыздың да өзіндік сеуебі де бар. Соңғы кезде әр жерде өлеңді – «мәнереп оқу» деген мүлдемге қисынсыз анау-мынау соц науқаншылдық, жойдақсыз бейәдеп әрекеттерді оңды-солды топырлатып ұйымдастыра бастапты әйтеуір біздегілер. Поэзияны ауызша тақпақтың шамасында ғана түсінетіндер әйтеуір бір рет болса да «жардым» деп ойлайды. Әрине бұл сұйқыметі пәс бірдеңелерді осылай «жандандыра берсе» олардың өзіне өзгеше «дәмді» де орасан «қызықты» болуы да мүмкін!? Өкінішті! Бірақ, құдыретті поэзияның бекзаттығын былықтырмай тиісінше тыныш жүрсе дұрыс болар еді...
Поэзияны жазу да жандандырып оқу да өнер. КешегіМұқағали Мақатаев, Қасым Аманжолов, бүгінгі Олжас Сүлейменов, Иранғайып, қазақтың бард ақын Табылды Досымов (1965-2010), қоңыр үнді Ғалым Жайлыбай, Дәулеткерей Кәп, тіпті Досқан Жылқыбайға шейінгі шәйір, ақындардың өлең оқыған дауыс ырғақтары ритмі тамаша әрі шынайы. Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Гүлнәр Салықбай, Бауыржан Қарағыздың өз өлеңдерін өз төл үндерімен тыңдағанда барлық табиғи интонациялары да біртүрлі жұғымды сезіледі. Батыстағы өмір сүрген шәйір Сағат Әдуғалиев Мұхтарұлының (1948-1984)Шығыстағы Омарғазы Айтанұлының (1931-1997) өз дауыстары үнтаспада қалды ма, жоқ па беймәлім!?
Мінеки ендеше өлеңді жімілеәлемдік деңгейде орындауға болатынын осы «кіші» Сергейлер бүткіл жыр сүйер жұртқа ескертіп үлкен үлгі көрсетіп те жүр. Сергей Есенин лирикаларын бұрындары атақты ақын Ғафу Қайырбеков аға мен даңқты ақын Қадыр Мырза-Әлі екеуі тәржімелеген-ді. Соңынан тағы да шебер лирик ақын Исрайл Сапарбай аға да өте тұшымды аударды (2015). Біз де өз шама-шарқымызша Сергей Есениннің өлеңдеріненептеп тәржіма жасап жүргендердің біріміз дейік пе!?Демек, бүгінгі қазақ жастарының көкірегінің кеңісі мен ғаламдық ғаламаттарға қарайтын терезесі де кең ашылдыяки өзгеге қарайтын жанарлары да жарамды.
Сергей Витальевич Безруков (1973 жт) оқыған жырдың қазақша нұсқасы:
СЕРГЕЙ ЕСЕНИН
***
Ешқашан бұлай қамықпағанмын...
Қиналмағанмын, шаршамағам да.
Рязань аспаны қалықтаған мұң,
Арманымды аңсаймын барша заманда.
Қисапсыз еді ғашықтар маған,
Өзім де межнүн болғаным артық.
Өркөкірегін жасыққа арнаған,
Олар да мені ішуге тартып.
Масаң түндерім талай есеңгіреткен,
Соңғысы емес, тұңғыш рет те.
Көзім қарайып: меселді еткен,
Жапырақ құртындай зейін дір еткен.
Көңілім қалды кісәпірлерден,
Жеңісім алау лаулатпады.
Құлқымды құртқан құса күндерден,
Алтындай шашымда қылау қаптады.
Күл менен нілге айналған шақта,
Күздегі бұлыңғыр Ай қараңдайды.
Аяусыз жылдар жалмаған жақтан,
Өткендерімді қайтара алмаймын.
Жалықтым жанды қинаудан жалған,
Жымиғандарды сүйіп, жақсы көремін.
Тыныштық нұрында өлген мен қалған,
Таршылық біткенді өтті дер едім.
Қиындық біткенді тәтті дер едім,
Ор менен көрің бас бағыттарда,
Кеудеше үңгірдің нақтылы дерегі
Табиғат орнайды тас қалыптарда.
Апырым-ай, мендегі заңдылықтың бәрі,
Алауы қайтып, зәрі жылынды ма ұдай?
Тағзым етемін саған мәңгі жұрттарым,
Тамсана сүйінген бұрынғыдағыдай.
Сары жазира далаға арбалам –
Үйеңкілі ұйықты бүкіл жеріме.
Сайрауық торғай, ала қарғаға
Сәлем, түнімен өксіген үкілеріме!
Айқайлаймын мен көктемнен шалғай:
«Аяулы құстардың қиқулары үркін,
Араныңды шайқа дақылдар қалған,
Дауыл басталар жақында бір күн».
1923 ж.
Я усталым таким еще не был…
Я усталым таким еще не был.
В эту серую морозь и слизь
Мне приснилось рязанское небо
И моя непутевая жизнь.
Много женщин меня любило,
Да и сам я любил не одну,
Не от этого ль темная сила
Приучила меня к вину.
Бесконечные пьяные ночи
И в разгуле тоска не впервь!
Не с того ли глаза мне точит,
Словно синие листья червь?
Не больна мне ничья измена,
И не радует легкость побед, —
Тех волос золотое сено
Превращается в серый цвет.
Превращается в пепел и воды,
Когда цедит осенняя муть.
Мне не жаль вас, прошедшие годы, —
Ничего не хочу вернуть.
Я устал себя мучить бесцельно,
И с улыбкою странной лица
Полюбил я носить в легком теле
Тихий свет и покой мертвеца…
И теперь даже стало не тяжко
Ковылять из притона в притон,
Как в смирительную рубашку,
Мы природу берем в бетон.
И во мне, вот по тем же законам,
Умиряется бешеный пыл.
Но и все ж отношусь я с поклоном
К тем полям, что когда-то любил.
В те края, где я рос под кленом,
Где резвился на желтой траве, —
Шлю привет воробьям, и воронам,
И рыдающей в ночь сове.
Я кричу им в весенние дали:
«Птицы милые, в синюю дрожь
Передайте, что я отскандалил, —
Пусть хоть ветер теперь начинает
Под микитки дубасить рожь».
1923 г.
Авторы Сұраған Рахметұлы