Референдум түрлі буын мен мамандық өкілдерін біріктіреді — әнші Мақпал Жүнісова

Фото: Алматв қаласы әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
588

Бүгін таңертеңнен бастап Алматыдағы №383 референдум учаскесінде ел үшін маңызды оқиғаға қатысқысы келген тұрғындардың белсенділігі байқалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өз таңдауын жасағандардың қатарында танымал қазақстандық әнші Мақпал Жүнісова да болды.

Мақпал Жүнісованың пікірінше, референдумға қатысу — азаматтық жауапкершілікті танытып, ел болашағына деген жанашырлықты білдірудің бір жолы.

«Мен үшін Қазақстан тағдырына қатысты маңызды шешімдерге қатысу өте маңызды. Дауыс беру — өз ұстанымыңды білдіріп, елдің болашағына деген жауапкершілігіңді көрсету», — деді Қазақстанның халық әртісі.

Ол сондай-ақ референдум секілді маңызды оқиғалар түрлі буын мен мамандық иелерін біріктіріп, қоғамның кемелдігін және азаматтардың белсенді ұстанымын көрсететінін атап өтті.

«Әрбір дауыс маңызды. Референдумға қатысу — ел өміріндегі маңызды өзгерістерге бейжай қарамай, мемлекетіміздің дамуына ықпал етуге дайын екенімізді көрсетудің мүмкіндігі», — деп қосты Мақпал Жүнісова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының Кеген ауданында ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды. Қаза тапқан адамның Алматы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық ұлан қатарында борышын өтеп жүріп ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар көз жұмды. Қаралы хабар ті...