Әкім Тарази тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

Фотгсурет adebiportal.kz

ҚАЛАМГЕР
508

Бүгін көрнекті қаламгер, драматург, киносценарист, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Әкім Тарази тұрған үйге ескерткіш тақта қойылады.

Аталған іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен Берікұлы іспетті лауазымды тұлғалармен қатар зиялы қауым өкілдері қатысты. Ары қарай игілікті іс-шара былайша өз жалғасын тапты. К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер универстінде қаламгер атындағы Мәжіліс зал ашылып, дөңгелек үстел өтті.

Алқалы жиынды ақын, Қазақстан жазушылар одағының Астана қаласындағы филиалының басшысы Бауыржан Бабажанұлы жүргізіп отырды.

Жиынға жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенова, Қазақ киносының  «Қыз Жібегі» Меруерт Өтекешева, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері, Айман Мұсақожаева, тарихшы, ғалым Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Сенаты депутаты Дархан Қыдырәлі, университет ректоры Ғалым Ахмедьяров, Парламент мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан, қаламгердің жан-жары жазушы, драматург, Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Роза Мұқанова қатысып жазушы жайында өз ойларын ортаға салды.

Осы орайда оқырман қауымға Әкім Тарази жайында қысқаша ғана мәлімет бере кетсек дейміз.Қазақ прозасы мен драматургиясына «Тасжарған», «Қорқау жұлдыз», «Шер», «Жолы болғыш жігіт», «Күлмейтін комедия» сынды кесек-кесек шығармалары арқылы өзіндік дара жолы ерекше қолтаңбасымен еселі үлес қосқан Әкім Тарази – өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Мәскеуде ашылған жоғары сценарлік курста арнайы оқыған тұңғыш кәсіби кинодраматург. Ол қазақ кино өнерінің алтын қорына енген «Тұлпардың ізі», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Мұстафа Шоқай», «Арман – атаман», «Қызжылаған» сынды фильмдердің сценариін жазумен қатар осы сала мамандарын дайындайтын «Кинотеледраматургия» мамандығын ашуға мұрындық болып жүздеген шәкірттердің кәсіби өнер иесі атанып, қазақ руханиятына қызмет етуіне зор үлес қосқан айырықша тұлға. Қаламгердің Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында басталған ұстаздық жолы бүгінгі К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жалғасып, өмірінің соңғы кезеңіне дейін аталған университтің профессоры ретінде шәкірттеріне мол тағылым берді.

author

Әкім Тарази

ДРАМАТУРГ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...