Алматыда ардагерлер қозғалысының белсендісі референдумда дауыс берді

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
393

Алматыда жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда таңнан бастап дауыс бергендердің қатарында Медеу аудандық ардагерлер кеңесінің спорт комиссиясының төрайымы Шәрбану Мұқышева да бар, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол өз таңдауын №372 сайлау учаскесінде жасады.

Шәрбану Мұқышеваның айтуынша, референдумға қатысу — әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам.

«Әрбір қазақстандық өзінің дауысы маңызды екенін түсінуі керек. Референдумға қатысу — елінің дамып, өркендеуін қалайтын әр азаматтың азаматтық борышы деп санаймын», — деді ол.

Медеу ауданының тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге қатысуды жалғастырып жатыр. Комиссия мүшелерінің айтуынша, дауыс беру үдерісі тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...