34 жастағы блогер «қайырымдылыққа» ақша жинау үшін өз қызын улап келген

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2035

Ол 3 ай ішінде 60 мың доллар жинап үлгерген, деп хабарлады  madeniportal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйел 2024 жылдың 6 тамызы мен 15 қазаны аралығында дәрігердің нұсқауынсыз баласына отбасының басқа мүшесіне тағайындалған ескі дәрі-дәрмектерді берген.

Содан кейін ауырып, қиналған баласының суреттерін түсіріп, оларды GoFundMe платформасына жүктеген. Тергеушілердің айтуынша, блогер баласын саналы түрде ауыр жағдайға жеткізген. 

Әйел "қайырымдылыққа" жиналған қаражатты жеке қажеттіліктеріне пайдаланғаны анықталып отыр.

2024 жылдың қазанында бала емделіп жатқан аурухана қызметкері оқиғаның мән-жайын полицияға хабарлаған.

"Біз GoFundMe-мен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Компания қаражат аударған адамдарға ақшаны қайтарып жатыр", - деді инспектор Пол Далтон.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбияның батысында болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 254 адамға жетті. Табиғи ап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шерхан Аймахан, 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот алдында жауап беріп жаты...