Олжас Сүлейменов мемлекеттік марапаттан бас тартты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
3871

Саяси қайраткер және жазушы Олжас Сүлейменов Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Найля Мулюковаға қолдау білдіру мақсатында мемлекеттік стипендиядан бас тартты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Олжас Сүлейменов өз ұстанымын «Аргументы и Факты» газетіне берген сұхбатында баяндады. Сұхбат Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай жүргізілгенімен, жазушы күтпеген жерден Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған мемлекеттік стипендиядан бас тартқанын мәлімдеді.

«Мен жаңа жылда Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары болып Айбек Сыдықов тағайындалғанына қуаныштымын. Оны кәсіби маман және лайықты азамат ретінде танимын. Бірнеше күн бұрын ол жаңа қызметінде маған мемлекеттік стипендия әкеліп берді. Бірақ мен бұл марапаттан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Айбек менің әрекетімді дұрыс түсінеді деп сенемін. Бұл қадамым жазықсыз адамдарға көмектесіп, әділдіктің орнауына ықпал етеді деп үміттенемін», – деді Олжас Сүлейменов.

Жазушы әділеттілік туралы айта отырып, мемлекеттік марапаттан бас тартуын Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Найля Мулюкованың ісімен байланыстырды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасады деген күдікпен тергеуге алынған. Сүлейменовтің айтуынша, ол Найляны жеке таниды, өйткені ол – Дінмұхамед Қонаевтың жеке дәрігері болған Ахат Мулюковтың қызы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Русалканы құшақтау үшін Ақтауға барған бойжеткеннің әрекеті көпшілікті таңқалдырды, деп хабарлайды m...

PESTEL

1 шілдеден бастап кәмелеттік жасқа толған дат әйелдері әскери қызметке шақырылады. Данияда әскери қы...