Киіз үйдің ішіндегі видео тележүргізушінің наразылығын тудырды

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
785

Ашық-шашық ұлттық киім киіп, киіз үйде билегендер көпшілікке жақпай қалды. Белгілі журналист, тележүргізуші Ерқанат Көпжасар аталмыш видеоға қатысты ойын айтты, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.365info.kz сілтеме жасап.

 
Киіз үйдегі билегендерге қатысты Мәденит және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.

«Адамдардың көңіліне қаяу салып, мәдени және ұлттық болмысымызға сызат түсіретін жазбалар мен бейнероликтерге жол берілмейді. Осы орайда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі ретінде киіз үйде би билеп, бейәдеп әрекетімен қоғам назарын аудартқан бейнеролик туралы айтқым келеді. Мұндай контент қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін. Арандатушылыққа да ұрындыруы ықтимал. Әрине, өскелең ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Видеоның мазмұны қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне қайшы келеді. Тағы бір мәселе өте маңызды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар дәстүрлі құндылықтарымызды сақтау мен насихаттауда ерекше жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық құндылықтардан бас тарту мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге және әдет-ғұрыптарымызға қашан да қауіп төндіреді», – деді министр.

Бұл ретте, белгілі журналист, тележүргізуші Ерқанат Көпжасар аталмыш видеоға қатысты ойын айтты.

«Мына бишілердің бірі еркек дейді. Қазақты барынша арандатып жатыр. Үшінші фронт ашқысы келетін арам ниеттілердің тірлігі. Төзімдері қай жерде тарс етеді деп көргісі келеді. Бұған үн қатпадыңдар деп айтақтап отыр кейбіреулер. Ал үн қаттық дейікші. Сонда елдегі қызтекелердің бәрін қырып тастауымыз керек пе, әлде, Қазақстандағы әр киіз үйдің ішіне ЛГБТ-лар билемесін деп күзет қоюымыз керек пе?! Неге полиция жұмыс істемейді. Неге желідегі үш-төрт адам ғана шуылдап қою керек?! Меніңше құзырлы органдар ұлттық құндылық пен дәстүрді қорлағандарды «ұлтаралық араздықты қоздырды» деп заңмен жауапкершілікке тарту керек», – деп жазды журналист.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...