Биылғы қаңтар айында екінші сыныпта оқитын Рафаэль мен бесінші сыныпта оқитын Ринатты әкелері тәулік...
Астанада Қалибек Қуанышбаев театрының маңында сенбілік өтті
Фото: Әмір Теміржан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қалибек Қуанышбаев театрының алдындағы Мұхтар Әуезов ескерткішінің жанында сенбілік өтті, деп хабарлады madeniportal.kz.
Іс-шараға Астана қаласының зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.
Сонымен қатар сенбілік барысында студенттерге қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат берілді.
«Бұл сенбілік экология мәселелеріне қоғамның назарын аударумен қатар, жастарға ұлттық мәдениет пен әдеби мұра туралы маңызды ақпаратты жеткізетін іс-шара. Әрі «Таза Қазақстан» деген сөз ол жай экологиялық ортаның тазалығы емес, ол жан дүниенің, тілдің, рухтың, сананың тазалығын дәріптеуге жол ашқаны дұрыс. Әркім тазалықты өзінен бастайды деп айтып жүрміз. Ендеше, адамдар сол тазалықты тілінен, әдеп-иба мінезінен бастаса, онда нағыз «Таза Қазақстан» болар едік. Елімізді қоқыс пен қардан ғана емес, жемқорлық пен парақорлықтан, әділетсіздіктен де тазартсақ, сонда біздің басты миссиямыздың орындалғаны болар еді», - деді жазушы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Толымбек Әбдірайым.