Баян Алагөзованың құдағиы Алматыда жоғары лауазымға тағайындалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
2019

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Диляра Қайдарова Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры болып тағайындалды, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы университеттің директорлар кеңесіндегі жиналыс кезінде ректор Марат Шоранов мәлім етті.

Айта кетейік, Диляра Қайдарова 1967 жылы 24 шілдеде Алматы қаласында туған. Ғалым, гинеколог-онколог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы.

2019 жылы Диляра Қайдарованың Әлішер есімді ұлы мен белгілі продюсер Баян Мақсаттың қызы Айсәуле отау құрған болатын.

Айсәуле Бақытбек енесі Диляра Қайдарованы әлеуметтік желісінде жиі көрсетіп, оның кеңестерін жариялап тұрады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...