Жетісуда бір топ жасөспірім қызды жабылып ұрған

Фото: Жасанды интеллект

ЖАҢАЛЫҚТАР
2642

26 қаңтарда "Гүлдер" саябағындағы мұз айдынында белгісіз себептермен бір топ жасөспірім кәмелетке толмаған қызды аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ауыр жарақаттанған қыз бала ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер тексеріп,  қыздың бірнеше қабырғасы сынып, миы шайқалғанын анықтады, сондай-ақ оның тісіне салған брекеттері сынып кеткен.

Жанжалға қатысқан жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Осы факті бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысқандар анықталып, полицияға жеткізілді. Балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жанжал шығарған екі жасөспірім қыздың да ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Басқа жағдайлар анықталып жатыр, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған,...

АЙМАҚТАР

Ар-ождан бостандығы ата Заңымызбен кепілдік берілген ажырамас құқық. Алайда бұл қасиетті ұғымды кейб...