«Бомба бар деп айқайлаған»: Ұшақ бортсерігін ұрған жолаушы қамауға алынды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
1393

Астанадан Өскеменге ұшқалы жатқан ұшақ ішіндегі жолаушыларды санап өтіп бара жатқан бортсерікті ер адам кенет ішінен ұрып жіберген, деп хабарлады madeniportal.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясы жариялаған.

Жолаушыны отырғызу кезінде теріс мінез-құлқы байқалмаған.

Ұшақ ішіне дереу тәртіп сақшылары шақырылғанда жолаушы "бомба бар деп айқайлаған".

Осыдан кейін ер адам ұсталып, басқа жолаушылар да ұшақтан шығарылды.

Ұшақ іші жедел әрі мұқият тексеріліп, нәтижесінде ешқандай жарылғыш немесе басқа да тыйым салынған заттар табылмады.

Ер адамның үстінен бұзақылық және терроризм дерегі туралы жалған хабарлау бойынша қылмыстық істер қозғалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде Гонконг вирусының 11 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Қала тұрғында...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін тексермек болған келіншек алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлай...