Елімізде күзден бастап пойыз билеттерінің бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды madeniportal.kz. ...
«Бірақ...» бағдарламасы: Сынға қалған «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы халықтан кешірім сұрады
743
"Хабар" арнасынан жаңадан эфирге шыға бастаған «Бірақ...» әлеуметтік ток-шоуы қоғамдық резонанс тудырып, көпшіліктің сынына қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Аталмыш бағдарлама мемлекеттік бюджет қаржысына түсірілуде. Ток-шоудың кешегі бағдарламасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйел туралы шығарылымы көптің ашуына тиді.
Бағдарламада 19 жыл ғұмырын күйеуінен таяқ жеумен өткізген әйелді күйеуімен татуластырмақ болған. Бұл көріністі тұрмыстық зорлық-зомбылықты ақтап алмақ болғанмен тең деді көпшілік.
Бұл бағдарлама туралы журналист Әнуар Бірімжанов желіде өз пікірін білдірді:
Кешегі Хабар арнасында болған келеңсіз жағдайды бір ғана жолмен шешуге болады. Мемлекеттік бюджет қаржысына жасап отырған ток-шоуды жабу керек. Және бұдан былай мұндай тақырыпты көтеретін ток-шоу және өзге формат болмайды деп уәде беруі керек басшылық.
Телеарналарда жұмыс істеген журналистер бағдарлама жасау машақатын жақсы біледі. Әдетте жаңа жоба басталар кезде бағдарламаның 10 кейде 20 хабарының тақырыбы белгілі болады. Формат, студия, жүргізуші, тақырып және басқа да маңызды дүниелер алдын-ала арнаның басшылығымен бекітіледі. Демек, бұл жерде тек сол шығарылымның редакторы немесе продюсері ғана кінәлі деген қате болады. Тұтас агенттіктің басшылығы жауапты.
Қоғамда резонанс туындамай тұрғанда Хабар агенттігі мынадай ресми хабарлама жариялауы тиіс:
“Бірақ..” ток-шоуы жабылды және енді ешқашан шықпайды. Кешіріңіздер, зардап шеккен кейіпкерге психоэмоционалдық қолдау көрсетіп, “Бірақ…” ток-шоуының 10 хабарына қарастырылған қаржыны сол отбасыға моральдық зиян келтіргеніміз үшін аударамыз. Қазақстан халқынан және зардап шеккен кісілерден кешірім сұраймыз.
Басқа амал жоқ, Хабарлықтар…
Даудың астына қалған «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев халықтан кешірім сұрады:
"Біздің арнадағы жаңадан эфирге шыға бастаған «Бірақ...» әлеуметтік ток-шоуына қатысты көңіл бөліп, үн қосып жатқандарыңызға рахмет. Бір нәрсені түсіндіре кетейік. «Бірақ...» бағдарламасының эфирге шыққанына 2 күн ғана болды. Жобаның басты мақсаты – қоғамды алаңдатып отырған әлеуметтік мәселелер, тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасылық құндылықтар және басқа өзекті мәселелерді көтере отырып, спикерлер, психологтар, заңгерлер мен басқа да сала мамандарымен бірлесіп, талқылау және шешу жолдарын іздеу. Кешегі эфирде бір отбасының мәселесін көрсету арқылы, мүмкіндігінше ерлі-зайыптыларды татуластырып жіберуді көздеген едік. Өкінішке қарай, бұл мүмкін болмады. Сондықтан біздің бағдарламаға қатысқан кейіпкерлерден де, көрерменнен де кешірім сұраймыз. Алдағы уақытта да қоғамдағы өзекті мәселелерден тыс қалмаймыз деген ойдамыз" деп жазды ол.